LG LMQ710NAW User Manual Page 339

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 895
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 338
Негізгі функциялар 42
Құрылғы немесе зарядтау кабелі дымқыл болса не құрамында ылғал
бар болса, зарядтамаңыз. Бұл өрт, ток соғу, жарақат алуға әкелуі
немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңызбен бірге қамтамасыз етілген USB кабелін пайдаланыңыз.
LG тарапынан ұсынылған зарядтау құрылғысын және зарядтау кабелін
пайдаланыңыз. Батареяны үшінші жақ зарядтау құрылғысымен
зарядтаған жағдайда батарея жарылуы немесе құрылғыны зақымдалуы
мүмкін.
Осы құрылғының батареясы алынбайды. Артқы қақпақты ашуға
болмайды.
Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалану электр тогының соғуына
әкелуі мүмкін. Құрылғыны пайдаланғанда, зарядтамаңыз.
Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін зарядтау құрылғысын қуат
розеткасынан ажыратыңыз. Бұл қуаттың қажетсіз жұмсалуының алдын
алады.
Жылдам зарядтауды қолдайтын зарядтау адаптері өніммен бірге
берілген.
Жылдам зарядтау адаптерінен бөлек құрылғымен бірге берілген
тұпнұсқа адаптер пайдаланылса, жылдам зарядтау мүмкіндігі жұмыс
істемеуі мүмкін.
Батареяны зарядтаудың тағы бір жолы - құрылғы мен жұмыс үстелі
не ноутбук арасында USB кабелін жалғау. Бұл адаптерді розеткаға
қосқаннан ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяны қалыпты кернеуді сақтап тұра алмайтын USB
концентраторын пайдалану арқылы зарядтамаңыз. Зарядталмауы
немесе кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
Құрылғыны пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Бірге берілген USB кабелін пайдаланыңыз; құрылғыңызбен үшінші
тарап USB кабелін немесе зарядтағыш құрылғыларын пайдаланбаңыз.
LG шектеулі кепілдігі үшінші тарап керек-жарақтарын пайдалануды
қамтымайды.
Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындамау және мақсатынан тыс
пайдалану салдарынан құрылғыға зақым тиюі мүмкін.
Page view 338
1 2 ... 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 ... 894 895

Comments to this Manuals

No comments