LG LMQ710NAW User Manual Page 321

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 895
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 320
Арнайы жасалған мүмкіндіктер 24
Саусақ ізін тану
Саусақ ізін тану бөліміне шолу
Саусақ іздерін тану функциясын пайдаланбас бұрын, алдымен саусақ іздерін
құрылғыңызға тіркеуіңіз керек.
Саусақ ізін тану функциясын төмендегі жағдайларда пайдалануға болады:
Экранды құлыптан босату үшін
Галерея немесе QuickMemo+ қолданбасындағы құлыпталған мазмұнды
көру үшін
Қолданбаға кіру арқылы немесе өзіңізді саусақ іздерімен анықтау арқылы
сатып алуыңызды растаңыз.
Саусағыңыздың іздерін пайдаланушыны куәландыру үшін құрылғыда
пайдалануға болады. Әртүрлі пайдаланушылардың өте ұқсас саусақ
іздері саусақ ізі сенсорымен бір пайдаланушының саусақ ізі ретінде
танылуы мүмкін.
Егер құрылғы саусақ ізін анықтай алмаса немесе тіркелу үшін
көрсетілген мәнді ұмытып қалсаңыз, құрылғыны жеке куәлігіңізбен сізге
ең жақын LG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Саусақ ізін тану мүмкіндігіне қатысты сақтық
шаралары
Саусақ іздерін тану дәлдігі бірнеше себептерге байланысты азаюы мүмкін.
Тану нақтылығын арттыру үшін, құрылғыны пайдалану алдында келесілерді
тексеріңіз:
Саусақ ізі датчигі тиын немесе кілт сияқты металл затпен
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Саусақ ізі датчигінде немесе саусағыңызда су, шаң немесе басқа бөгде
зат бар болса, саусақ ізін тіркеу немесе анықтау мүмкіндігі жұмыс істемеуі
мүмкін. Саусақ ізін анықтамас бұрын, саусағыңызды тазалап, кептіріңіз.
Саусақта тыртық болса немесе су әсерінен беті тегіс болса, онда саусақ
ізін дұрыс танымауы мүмкін.
Page view 320
1 2 ... 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 ... 894 895

Comments to this Manuals

No comments