LG MH6342BS User Manual Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 83
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
10
Экрандау
Шаршы немесе тікбұрыш нысанды
тағамдардың бұрыштары мен шеттері
шамадан тыс қуырылуының алдын алу
үшін, олар кейде микротолқындарды
бұғаттайтын алюминий фольганың
кесекшелерімен жабылады.
Ешқашанда фольганың тым көп көлемін
пайдаланбаңыз және фольганың тағамда
сенімді ұсталуын қамтамасыз етіңіз,
өйтпеген жағдайда электр доғасы пайда
болуы мүмкін.
Көтеріңкіреу
Қалың және тығыз тағамдарды
тағамның астыңғы бөлігі және ортасы
микротолқындарды сіңіру үшін,
көтеріңкіреп қоюға болады.
Тесу
Қабықтың, қабықшаның немесе
жарғақтың ішіндегі өнімдер егер
сіз оларды дайындаудың алдында
тесіп қоймасаңыз, пеште жарылып
кетуі мүмкін. Ондай өнімдерге
жұмыртқалардың сарысы мен уызы,
моллюскілер мен асшаяндар, сондай-ақ,
тұтас көкөністер мен жемістер жатады.
Дайындығын тексеру
Микротолқынды пеште астың жылдам
дайындалатыны соншалық, оның
дайындығын жиі тексеріп отыру қажет.
Кейбір тағамдар пеште олар толық дайын
болғанға дейін қалдырылады, бірақ
тағамдардың көпшілігі, соның ішінде
еттен және құс етінен жасалған тағамдар
пештен сәл дайын болмай алынады
және тұру уақытында дайын болу үшін
қойылады. Тұрған уақытында астың ішкі
температурасы 3°С-8°С шамасына дейін
көтеріледі.
Тұру уақыты
Асты микротолқынды пештен
шығарылғаннан кейін әдетте 3 минуттан
10 минутқа дейін қоя тұру керек. Әдетте
ас тұрған уақытында оның сырты кебу
керек жағдайларды қоспағанда (мысалы,
кейбір бәліштер мен бисквиттер),
жылуды сақтау үшін жабылады. Тұру
асты дайындыққа дейін жеткізуге,
сондай-ақ оның хош иістер шоғырына
араласуға және нығаюға береді.
Сіздің пешіңізді тазалау
1. Пештің ішкі беттерін таза ұстаңыз
Астың немесе төгілген сұйықтықтың
тамшылары пештің қабырғаларына
жабысады және тығыздатқыштар
мен есікшенің беттерінің арасына
түседі. Ең дұрысы оларды ылғалды
шүберектің көмегімен бірден кетіріп
отыру керек. Астың ұнтақтары мен
тамшылар микротолқынды энергияны
сіңіріп, дайындау уақытын ұлғайтады.
Ылғалды шүберектің көмегімен есікше
мен тығыздағыш беттердің арасындағы
барлық ұнтақтар мен ас қалдықтарын
кетіріңіз. Ол жерлерді есікшенің
сенімді жабылуын қамтамасыз ету
үшін мұқият тазалап отыру қажет. Ішкі
беттердегі май тамшыларын сабынды
шүберекпен кетіріңіз, содан кейін
сабынды шүберекпен кетіріп, құрғатып
сүртіңіз. Қатқыл жуғыш құралдарды
немесе түрпілік тазартқыш құралдарды
пайдаланбаңыз. Шыны табақты қолмен
немесе ыдыс жуғыш машинада жууға
болады.
2.Пештің сыртқы беттерін таза ұстаңыз
Сыртқы беттерді жұмсақ сабын мен
жылы суды пайдаланып, тазалаңыз,
содан кейін сабынды шайып тастап,
корпусты жұмсақ шүберекпен немесе
қағаз сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Пештің
ішкі элементтерінің зақымдалуының
алдын алу үшін, судың желдету
саңылауларына ағуына жол бермеңіз.
Басқару панелін тазалау үшін, пеш
кездейсоқ қосылмау үшін есікшені
ашып, панельді ылғалды шүберекпен
сүртіңіз, содан оны дереу жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіп алыңыз.
Тазалап болғаннан кейін, Стоп/Тастау
батырмасын басыңыз.
3. Егер есікшенің периметрі бойынша
пештің ішінде немесе сыртында
шоғырланса, панельдерді жұмсақ
шүберекпен сүртіп алыңыз. Ол
микротолқынды пеш жоғары
ылғалдылық шарттарында істеген
уақытта орын алуы мүмкін және ешбір
түрде пештің ақаулығын білдірмейді.
4. Есікше мен есікшенің тығыздағыштары
тазалықта ұсталуы тиіс. Тазалау үшін
тек жұмсақ шүберек пен сабынды
жылы суды пайдаланыңыз.
ТАЗАРТҚЫШ ҰНТАҚТАР, МЕТАЛЛ
ЖӨКЕЛЕР МЕН ПЛАСТИКА
КӨПШІКТЕР СЕКІЛДІ ТҮРПІЛІК
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 82 83

Comments to this Manuals

No comments