LG GA-B439ZMQZ User Manual Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
23
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ АЖЫРАТЫЛУЫ:
Электр қуатының 1~2 сағаттық үзілісі
сақталатын азық-түлікке зиян келтірмейді.
Осы уақытта тоңазытқыштің есігін сирек
ашып-жабуға тырысыңыз.
КӨШІП-ҚОНҒАН КЕЗДЕ:
• тоңазытқыштан барлық азық-түлік пен
басқа заттарды алып шығыңыз. Ішіндегі
алмалы бөліктерін (сөрелер, жəшіктер,
есіктегі науалар) мықтап бекітіңіз;
• тоңазытқыштың реттелмелі аяқтарын
бүлдіріп алмас үшін, тасымалдау
алдында оларды сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап қойыңыз;
• тоңазытқыштың кезінде машинаның
ішінде соғылуына немесе құлауына жол
бермеу үшін тоңазытқышты машинада
мықтап бекіту қажет;
• тоңазытқыш жабық көлікпен, тігінен
тұрған қалыпта тасымалдау керек.
Тасымалдау кезінде зауыттан шыққан
қаптамасы бүлінбеген болуға тиіс;
• тиеген жəне түсірген кезде тоңазытқышты
соғылудан сақтау керек.
ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТ
ТАЗАЛАУ
1. Тазалар алдында электр қорегінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2. Тоңазытқыштың сырты мен ішін жылы
суға малынған таза шүберекпен немесе
сұйық жуғыш затпен жуу керек. Содан
кейін құрғақ шүберекпен құрғатып
сүртіңіз.
3. Жинап болғаннан кейін желілік сымының
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін
ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
Тоңазытқышты жуғаннан кейін оны
құрғақ сулықпен əбден құрғатып сүрту
қажет. Түрпілі заттарды, бензинді,
бензолды, еріткішті, хлоргидратты,
ыстық суды, қатты шөткені жəне т.с.с.
пайдалануға тыйым салынады, себебі
бұл тоңазытқыш бұзылуына əкелуі
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда оны
орнынан қозғамаңыз жəне еңкейтпеңіз.
Компрессорда шуыл пайда болуы
мүмкін. Бұл ерекшелігі компрессордың
жұмысына əсерін тигізбейді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тоңазытқыш құрамдас бөліктерінің
температуралық деформацияларының
нəтижесінде, шыртылдау естілуі мүмкін.
Терморегулятор жəне комперссордың
өшуіне тəн дыбыстар құрылғы электр
жабдығының жұмысы барысында пайда
болатын қалыпты дыбыстар болып
табылады. Салқындату жүйесінің ішінде
айналып таралатын хладагент,
компрессор жұмыс істемесе де бүлкілдеуі
мүмкін. Алаң болмаңыз, бұл қалыпты
жағдай. Тоңазытқыштың жұмысы
барысында келесілер естілуі мүмкін:
- желдеткіштер қанатшаларының
сыбдыры;
- температура қадаға-релесінің іске қосылу
шертпектері;
- ауа қалқалары жетегінің шуылы;
- тоңазытқыш жүйесінің құбырлары
бойынша айналатын хладагент шуылы;
- матералдардың емпературалық
деформациясы кезіндегі шыртылдау.
Аталған дыбыстардың ақауға қатысы жоқ
жəне олар функционалды сипатқаие.
ҚОСАР АЛДЫНДА:
Егер тоңазытқышты тасымалдау
барсысында күн суық болса,
тоңазытқышты орауынан шешіңіз жəне 12
сағатан ерте қосапаңыз.
КҮТІМІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУІ
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments