
86
ЭКРАН
Тақырып: Құрылғыңыз үшін экран тақырыбын орнатады.
Тұсқағаз: өзіндік бет экранында пайдаланылатын тұсқағазды орнатады. Оны
Галерея, Қозғалыс тұсқағаздар, Суреттер немесе Тұсқағаздар жиынтығы
ішінен таңдаңыз.
Экран әсері: экрандарды ауыстыру үшін жүргізген кездегі әсерді орнатады.
Мыналардың ішінен таңдаңыз: Негізгі, Самал, Аккордеон, Панорама,
Әткеншек, Қабат және Домино.
Негізгі экранның айналымына рұқсат ету: өзіндік бет экрандарының бір
шетіне жеткен кезде қарама-қарсы бағытта қайта айналдыру қажеттілігін
жоятын үздіксіз айналуды орнату үшін құсбелгі қойыңыз.
Тек кітаптық көрініс: өзіндік бет экраны кітаптық көріністе әрдайым көрінетін
етіп орнату үшін белгілеңіз.
ДЕРЕКТЕР
Үй сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру: қолданбаның, виджеттің және
тақырып конфигурацияларының сақтық көшірмесін жасайды және қалпына
келтіреді.
КЕҢЕСТЕР
Анықтама: өзіндік бет экранының кейбір пайдалы кеңестерін көрсетеді.
< Экран құлпы >
ЭКРАН ҚАУІПСІЗДІГІ
Экран құлпын таңдау: телефонды қорғайтын экран құлпының түрін
орнатыңыз. Ешқайсысы, Жүргізу, Knock Code, Бет құлпын ашу,
Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз опциясын орнатыңыз.
Тұсқағаз: құлыптау экраны үшін тұсқағазды Галерея немесе Тұсқағаздар
жиынтығы ішінен таңдаңыз.
Виджеттер: Құлыптау экранында виджеттерді көрсету.
Comments to this Manuals