LG 49UF8507 User Manual Page 53

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 148
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 52
8
ҚАЗАҚША
ҚАЗАҚША
3D кескіндерді көру (тек 3D
модельдер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Көру ортасы
Көру уақыты
- 3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15 минуттық
үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды ұзақ уақыт бойы
көру бастың ауыруын, бас айналуын, қалжырауды
немесе көзге жүктеме түсуін тудыруы мүмкін.
Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы
ауруы бар адамдар
3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде,
кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе әдеттен тыс
белгілер болуы мүмкін.
Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз және/немесе
эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б.
сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді
көрмеңіз.
3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео
аномалиясына шалдыққан адамдарға ұсынылмайды.
Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық
пайда болуы мүмкін.
Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар
көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті сезуде
мәселеңіз болуы мүмкін және қос кескіндерге
байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін. Орташа
үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау
ұсынылады.
Егер көру қабілетіңіз оң және сол көзіңізде әр түрлі
болса, 3D мазмұнды көру алдында көру қабілетіңізді
тексертіңіз.
3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан
ұстануды қажет ететін белгілер
3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс
істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде
көрмеңіз.
Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/
көруді тоқтатыңыз және белгі кеткенше жеткілікті
демалыңыз.
- Бұл белгілер кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.
Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының ауыруын,
бас айналуды, жүрек айнуын, тез жүрек соғуын,
бұлдырауды, ыңғайсыздықты, қос кескінді, көру
ыңғайсыздығын немесе қалжырауды қамтиды.
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің
ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты
сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.
Көру жасы
Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды
пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап
береді және тым әсерленеді, өйткені олардың
көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті
немесе оған секіру әрекеті. 3D мазмұнды көріп
отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық
диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені
көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен
қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні
үшін үлкендермен салыстырғанда көбірек
стереоскопиялық тереңдікті алады.
Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы
жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі
мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды
көруден ұстануға кеңес беріңіз.
Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін
түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ
қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D
бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын
немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына пайдаланбаңыз.
Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге
жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.
3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық
температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.
3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды
сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір
заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық
заттармен сүртпеңіз.
Page view 52
1 ... 52 53 54 ... 148

Comments to this Manuals

No comments