LG MW23D35GIH User Manual Page 55

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 61
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 54
ТАҒАМДАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖƏНЕ МИКРОТОЛҚЫНДЫ
ПЕШТЕ ПІСІРУ
ТАҒАМДАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖƏНЕ МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ПІСІРУ
25
Бақылау
Тамақты əзірлеу процесін қадағалап отыру қажет.Сіз тамақ əзірлеу процесін қадағалап отыру үшін
сіздің қысқа толқынды пешіңізде автоматты түрде қосылатын жарықтандыру бар.Рецептіде
көрсетілген аудару, араластыру жəне т.б арналған ұсыныстарды ең аз қайталаумен жасаған
дұрыс.Егер сізге тағам біркелкі дайындалып жатпағандай болып көрінсе, түйткілді шешу үшін
баптауын өзгертіңіз.
Микротолқынды пеште пісіруге əсер ететін факторлар
Тамақтың даярлану ұзақтығына көп факторлар əсер етеді. Рецепт бойынша пайдаланылатын
ингредиенттердің температурасы тағамды дайындау уақытына əсер етеді.Мысалы, суытылған
майдан, сүттен жəне жұмыртқадан жасалған бəліш бөлме температурасындағы нақ сондай
өнімдерден жасалғанынан анағұрылым ұзағырақ дайындалады.Кейбір рецептерге, əсіресе нан,
пісірінді жəне бəліштер əзірлеуге арналғандарына қарағанда, өнімді пештен толық піспеген күйінде
алу керек.
Бұл қате болып саналмайды.Тағамды жабық қақпақтың астында бұқтырып қойғанда, тағамды
пештен алып шыққанның өзінде əзірлену процесі жалғаса береді, өйткені жылу сырттан ішке
біркелкі өтуі жалғаса береді. Егер тағамды пеште қалдырса, онда оның сыртқа жағы қатты ысып
кетуі немесе күйіп кетуі мүмкін.Бірте-бірте сіз түрлі тағамдарды əзірлеу барысында немесе əзірлеу
үшін күткен уақыттарда пешті епті пайдалануды үйреніп аласыз.
Тағам тығыздығы
Жеңіл борқылдақты өнімдер, мəселен, пісірінді немесе нан, қуырдақ жəне көмеш сияқты майлы,
тығыз тағамдарға қарағанда тез дайындалады.
Қысқа толқынды пеште пісірген кезде пісіріндінің шеттері құрғап кетпеуіне жəне сынғыш болмауына
назар аудару керек.
Тағам биіктігі
Тағамның үстіңгі бөлігі астыңғы бөлігіне қарағанда тез əзір болады, əсіресе, пісірген кезде.
Əзірлеу барысында т
ағамды бірнеше рет аударыстыру қажет.
Ылғалды тағамда сақтап қалу
Қысқа толқынды пеш ішіндегі ыстық сұйықтықты жұтып қоятындықтан, ет немесе көкөніс сияқты
кептірілген тағамдарға даярлау кезінде немесе одан бұрын су шашып қою керек.
Тағамдағы сүйектер мен майдың құрамы
Етке қарағанда сүйек пен май жылдам əзірленеді.Сүйегі бар тағамды немесе майлы кесектерді
əзірлеген кезде тағам күйіп кетпей біркелкі əзірленуіне назар аудару қажет.
Тағам сапасы
Пештегі қысқа толқындардың саны əзірленетін өнімдердің санына қармастан тұрақты болып қала
береді.Сөйтіп, пешке сіз неғұрлым көп өнім салсаңыз, олардың дайындалуы соғұрлым көп
болады.Егер сіз рецептіде көрсетілгеннен екі есе аз өнім пайдалансаңыз, дайындау уақытын кем
дегенде үштен бірге кеміту керек.
Тағам түрі
Қысқа толқындар өнімге 2 см-ден артық енбейді, қалың қабаттың ішкі жағы сыртқы ыстық ішке
өткенде əзірленеді.Тек тағамның сыртқы шеттері қысқа толқынның энергиясымен
дайындалады;қалғаны жылу алмасу арқылы дайындалады.Қысқа толқынды пеште дайындалатын
тағамдардың ең сəтсіз пішіні – қалың квадрат.
Ортасы піскенше, шеттері күйіп кетеді.Бəрінен де дөңгелек жұқа немесе сақина тəріздес пішініндегі
тағамды əзірлеген жақсы.
Жабын
Қақпақ жылу мен буды сақтайды, сондықтан тағам жылдам əзірленеді.Тағам қабатталып кетпес
үшін шеттері қайырылған қақпақты немесе аспаздық пленканы пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚҚАЗАҚ
Page view 54
1 2 ... 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61

Comments to this Manuals

No comments