LG GA-B419SAQZ User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7
8
Электр тогының соғу жəне өртену
қаупінің алдын алу үшін найзағай
соққан кездері немесе ұзақ
уақыт бойы
пайдаланбайтын кезде
тоңазытқышты өшіріп
қойыңыз.
Тоңазытқыштың үстіне гүлсауыт,
шынаяқ, косметика,
дəрі-дəрмек немесе су
құйылған ыдысты
қоймаңыз.
Олар құлайтын болса, өрт
шығуы, электр тогының соғуы
немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
Жылдам өшіру қажет болған жағдайлар
үшін розетка қолжетімді жерде тұруы
қажет.
Тоңазытқыштың есігін ашып, жапқанда
тұрақсыз заттар төңкеріліп, құлауы жəне
жарақаттауы мүмкін.
Есіктің қалтасында
бөтелке жəне соған
ұқсас ыдыстарды
абайлап сақтаңыз.
Тоңазытқыштың бір есігі қатты
жабылғанда, екінші есігі ашылып кетуі
мүмкін, себебі тоңазытқыш камералары
ауа өткізгіштермен байланысқан.
Қадағаланбаған жағдайда немесе
жауапты адамдар тарапынан
тоңазытқышты пайдалану туралы
нұсқаулар алмаған жағдайда,
физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ес
қабілеті төмен немесе тəжірибесі жоқ
тұлғалардың (оның ішінде балалар)
пайдалануына арналмаған. Балалардың
тоңазытқышпен ойнамауы үшін, оларды
бақылау қажет.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Өндірушінің ұсыныстарына сəйкес
келмеген жағдайда, азық-түлікті сақтауға
арналған бөлімдерінде электр
құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Еру процесін тездету үшін өндіруші
ұсынған механикалық құрылғылардан
басқа құралдар қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Хладагент контурының зақымдалуына
жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Изобутан (R600a) қоршаған орта үшін
қауіпсіз, бірақ жанар газ болып табылады.
Озон қабатын зақымдамайды.
Тоңазытқышты тасымалдау жəне орнату
барысында тоңазытқыш пішінінің ешбір
элементі зақымдалмауын қадағалау керек.
Тоңазытқыш пішініндегі кему орын алған
жағдайда газдардың өртенгіш қоспасының
пайда болуына жол бермеу үшін құрылғы
орнатылатын бөлменің көлемі минималды
рұқсат етілген көлемнен үлкен болуы керек
жəне қолданылған тоңазытқыш агентінің
мөлшеріне тəуелді. R600a хладагентінің
əрбір 8 грамына құрылғы орнатылған
бөлменің кемінде 1 м3 келуі керек. Осы
тоңазытқыш сұйықтығының ауадағы
жарылғыш концентрация диапазонының
төменгі шегі 1,8% құрайды. Қолданылатын
тоңазытқыш сұйықтығының мөлшері
тоңазыту бөлімінің ішіндегі жапсырмада
көрсетілген.
Хладагенттің жылыстауының белгісімен
мүмкін жеткіліксіз төмен температура
тоназытқыш жəне мұздататын
аулақтануларда.
Хладагенттің ағып кетуі белгісіне тоңазыту
жəне мұздату бөлімдеріндегі төмен
температураның жеткіліксіздігі жатады.
Хладагенттің ағып кеткені анықталса, ашық
жалын көздерін өшіріңіз, тұтануы мүмкін от
көздерін пайдаланбаңыз, бөлмені бірнеше
минут ішінде желдетіңіз. Тікелей тию
кезіндегі тоңазытқыш пішінінің
элементтерінен газдың ағуы көз бен терінің
зақымдалуына жəне осы газдың тұтануына
апарып соғуы мүмкін. Тоңазытқыш
пішінінде кез келген зақым белгілері бар
тоңазытқышты іске қосуға тыйым
салынады. Күдіктеріңіз бар болса,
сатушыға немесе өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
ТҰТАНУ ҚАУПІ БАР!
Құрылғының корпусында немесе
құрылымда орналасқан желдеткіш
саңылауларын бекітпеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КІРІСПЕ
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 23 24

Comments to this Manuals

No comments